Маусым 26, 2022 13:53 Asia/Almaty
  • Ливан Хизбулласының ұстанымы

Хизбулланың пайымдауынша, сионистік режимнің шабуылына төтеп берген Ливанның ұлы жеңісі алдымен Алланың арқасында, ал екіншіден исламдық қарсыласу қозғалысының дұрыс саяси басқаруы мен күресуінің арқасында мүмкін болды.

Хизбулланың көзқарасынша, бұл жеңісті әскери аямен шектеуге болмайды, өйткені ол кеңірек әрі жан‑жақтырақ. Шынайы жеңіс Ливан халқының осы партияның стратегиясы мен қарсыласу қозғалысын ауқымды түрде қолдауы болды. Бұл – азаттық пен тәуелсіздікке деген ерік‑жігердің жеңісі. Ливан Хизбулласының қарсыласу қозғалысы – мықты, тұрақты әрі тәуелсіз ел жасауға бағытталған кемелденген исламдық күрес пен саяси‑идеологиялық көзқарастың бір бөлігі. Хизбулла бұл қарсыласуды заңды жолдармен жүзеге асырып жатыр. Халықтың жан‑жақты қолдауына ие. Әділет, азаттық пен адам құқығы принциптері мен биік діни тағылымдарға сай келеді.

Хизбулланың екі негізгі мақсаты бар: басып алынған жерлерді, яғни Палестинаны азат ету және Ливанды Израильден туындап жатқан түйткілдер мен қатерлерден қорғау. Хизбулланың көзқарасы айқын. Қарсыласу қозғалысы тек жердің бір бөлігін азат етуді қалайтын немесе сылтауы таусылғанда аяқталатын уақытша белсенді қарулы топ емес. Хизбулла Ливанда табанды қарсылық көрсете алатын қоғам құру керегіне сенеді. Осылайша Израильдің экспансиялық жобалары салдарынан аймақта туындаған қатерлі жағдайда мықты да тәуелсіз Ливан жасап, елдің егемендігін нығайтуды көздейді. Хизбулла тұрғысынан қарсыласу қозғалысы – бүкіл қоғамды қамтитын жан‑жақты үрдіс.

Ливан  халқы, мұджаһедтер мен биліктің қарсыласуы дегеніміз саясат, әскери‑қорғаныс, мәдениет және үгіт‑насихат салаларындағы қарсыласу және кез келген жерде еркін ар‑ұждан үшін күресу.

Хизбулланың идеологиялық таңдауы

Хизбулла өзінің ислам туралы түсінігінде қағидалар мен принциптері реттеліп жинақталған және жалпы арнайы фикһтік‑идеологиялық платформасы қалыптасқан Аһл‑е бейт немесе шиіт мазхабын таңдаған. Бұл таңдау тағылымға толы. Хизбулла ислам қоғамындағы өз жағдайын ескеріп, ұлттық деңгейде белсенді әрекет етіп, ішкі бірлікті мақсат тұтып, баршаға қызмет ету үшін  кешенді іс‑шаралар атқарып, барлық тараптармен әріптестік жасап, сионистер басып алған жерлерді азат ету үшін күрескен кезде шынымен‑ақ халықтың қалаулысына айналады.

АҚШ пен сионистік режим Хизбулла мен оның мақсат‑жоспарларына шабуыл жасауды көздейтіндіктен әрдайым Хизбуллаға қарсы қастандықтар мен сценарийлер дайындайды. Ал қарсыласу қозғалысы Израильдің басқыншылығына реакция ретінде Палестинада пайда болып, араб әлемінің басқа елдеріне таралды. Осы тұрғыдан басқыншылық бітпейінше қарсыласу қозғалысы да жалғаса береді. Өйткені қарсыласу қозғалысы басқыншылықты жою керек деген иманнан туындаған. Ол өткінші дүние емес.

(Ливан Хизбулласы бас хатшысының орынбасары Шейх Наим Қасымның сөздерінен алынған)

Сейіт Махмұт Камалара (Закария) – тәуелсіз журналист

Тегтер