Қыр 18, 2022 19:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Ирак үкіметі мен халқына алғыс айтты

Иран Сыртқы істер министрі Ирак үкіметі, халқы мен Қарулы күштеріне Арбағин зияратшыларын қарсы алып, қонақ қылғандары үшін алғыс айтты.

Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында Арбағин рәсімі туралы: "Биылғы Арбағин рәсімі Иран мен Ирак халықтарының мықты байланысқа ие екенін тағы да көрсетті",-деп жазды.

Иран Сыртқы істер министрі: "Ирак үкіметі, халқы мен Қарулы күштеріне Арбағин шеруінде ирандық және шетелдік зияратшыларды қарсы алып, күткендері үшін шын жүректен алғыс айтамыз",-деп жазды.

 

Тегтер