Қыр 25, 2022 19:17 Asia/Almaty

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирактың Күрдістан аймағындағы лаңкестік топтардың позицияларына артиллериялық шабуыл жасалғанын хабарлады.

«Кумле» және «Демократ» лаңкестік топтарының қарулы топтары мен қару-жарақтары Иранда бүлік шығару үшін шекаралық қалаларға енгізілгеннен кейін Сақшылар корпусының құрлық күштері кеше, сенбі күні Ирактың Күрдістан аймағындағы лаңкестік топтардың позицияларын нысанаға алды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусының құрлық күштерінің артиллериялық бөлімшелері осы шабуылда лаңкестік топтардың позицияларына ауыр соққы берді.  

Тегтер