Қар 14, 2022 20:57 Asia/Almaty

Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирактың Күрдістан аймағында орналасқан сепаратист лаңкестік топтарға қарсы екінші рет ауқымды артиллериялық және зымырандық шабуыл жасады.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сақшылар корпусы дүйсенбі күні Ирактың Күрдістан аймағында орналасқан сепаратист лаңкестік топтарға қарсы артиллериялық және зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады.

Сақшылар корпусының Құрлық күштері 24 қыркүйекте сепаратист лаңкестік топтарға бірнеше қайтара ескерту жасалғаннан кейін олардың позицияларына қарсы ауқымды шабуылдар жасалғанын айтып: "Олар лаңкестік әрекеттерін тоқтатпайынша, зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдар жалғаса береді",-деп мәлімдеді.

8 қазанда Сақшылар корпусы: "Алдын ала белгіленген нысаналар жойылғаннан кейін лаңкестердің позицияларына шабуыл жасау әзірге тоқтатылды. Бірақ зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдардың жалғасуы Ирактың Күрдістан аймағы басшыларының болашақ әрекеттеріне байланысты",-деді.

Тегтер