Қар 18, 2022 20:25 Asia/Almaty

Ирактың Күрдістан аймағындағы Сулеймания қаласының Казива ауданында болған жарылыс салдарынан 5 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

IRNA ақпарат агенттігінің Ирактың кейбір ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, газ жарылу салдарынан бір ғимарат толық қирап, айналасындағы кейбір ғимараттарға зиян келтірілді.

Ирактың Күрдістан аймағының лаңкестікке қарсы күресу орталығы: "Тексерістер бойынша бұл оқиға жылу жүйесіне қатысты газ резервуарының жарылуы салдарынан орын алған",-деп мәлімдеді.

Тегтер