Қар 22, 2022 13:42 Asia/Almaty
  •  Сауд Арабиясы – Батыс Азияның есірткі орталығы

Сауд Арабиясы әлемдегі үшінші ірі есірткі тұтынушы және Батыс Азияда бірінші орында.

Saudi Leaks веб-сайтының хабарлауынша, Geopolitical Futures веб-сайты дүйсенбі күні Сауд Арабиясы, «Таяу Шығыс есірткі орталығы» деп аталатын баяндамасында: «2015 жылдан 2019 жылға дейін әлемде каптагон деп аталатын амфетамин таблеткаларын тәркілеу және табу жағдайларының 45%-дан астамы  Сауд Арабиясына тиесілі»,- деп жазды.   Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің ресми есептеріне сәйкес, бұл елдегі нашақорлар саны 200 мың адамға жетеді, бірақ кейбір азаматтық ұйымдардың мәліметі бойынша, нашақорлар саны мәлімделген статистикадан әлдеқайда көп. Қалалық жерлерде және 18 бен 29 жас аралығындағы жас ұлдар мен қыздар арасында есірткі тұтыну көбейген. Нашақорлардың 60%-дан астамы осы жас тобындағылар.