Жел 08, 2022 18:16 Asia/Almaty
  • Әл-Хуси: Біз АҚШ-тан Сауд Арабиясы, БАӘ және әл-Халифа сияқты бұйрық алмаймыз, олар біздің Иранға дұшпандық танытқанымызды қалайды

Йемендегі «Ансаролла» ұйымының жетекшісі: «Басқыншылардың Санамен мәселесі – оның олардың талаптарына көнбеуі және Хизболлаға және Ирак пен Иран сияқты елдерге негізсіз дұшпандық танытуға, сондай-ақ сионистік режиммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге дайын болмауында»,- деді.

 

 

Ahed news сайтының сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Абдул Малик Бадр ад-Дин әл-Хоуси сөйлеген сөзінде: «Олардың (агрессивті Сауд коалициясының) бізбен проблемасы - олар біздің  Израильмен   қарым-қатынасымызды қалыпқа келтіріп, Палестина халқы, сондай-ақ ИИР-на қарсы еш себепсіз дұшпандық танытуымызды қалайды. Иран бізбен соғыспады және бізге шабуыл жасамады, керісінше Йемен халқымен ынтымақтаса отырып, басқа елдерден өзгеше ұстанымда болды. Олар бізге ең құрметті ұстанымды ұстанған Хизболлаға дұшпандық танытуымызды қалайды. Олар сондай-ақ бізге қарсы ешқандай шара қолданбаған Ирактың азат халқына қарсы болғанымызды қалайды. Біз саудиялықтар, әмірліктер және Бахрейндегі әл-Халифалар сияқты емеспіз және АҚШ-тан тапсырыс алмаймыз. АҚШ пен Израиль  үшін ешбір ислам еліне дұшпандық жасамаймыз»,- деп баса айтты.

 

Тегтер