Қаң 06, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • Йемендіктер қоршау мен соғысқа қарсы үлкен шеруге шықты

Йеменнің түрлі облыстарының тұрғындары саудиялық коалицияның елді қоршап, басқыншылық жасауды жалғастыруына қарсы ауқымды шеру өткізді.

Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ мен басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылы наурыз айында Йеменге әскери шабуыл жасап, оны құрлықтан, теңізден және әуеден қоршауға алды. Йемендегі соғыстың құрбандары 11 мың адамға жетті. Елде 2 млн-нан аса бала тамаққа зәру. 17 млн-нан аса йемендік, соның ішінде 9 млн бала су тапшылығына ұшырап, медициналық қызмет ала алмай отыр. 

Жұма күні таңертең мыңдаған йемендік шеруге шығып, саудиялық коалицияның елді қоршап, басқыншылықты жалғастырып жатқанын айыптады.  

Тегтер