Қаң 26, 2023 19:45 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғайтын 170-тен аса ұйым Йеменде адами апатты тоқтатуды талап етті

Адам құқығын қорғайтын 170-тен аса халықаралық ұйым Йеменде адами апатты тоқтатуды және осы елді қоршауды доғаруды талап етті.

Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ және басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылы наурызда Йеменге шабуыл жасап, оны құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды.

Йемен соғысының құрбандар саны 11 мың адамға жетті. Бұл елде 2 млн-нан аса адам азық-түліктен тарлық көріп отыр. 17 млн-нан аса йемендік, соның ішінде 9 млн бала су және медициналық қызмет тапшылығына ұшырап отыр.

172 халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы бейсенбі күні мәлімдеме жасап, Йемендегі ауыр жағдайға алаңдаушылық білдіріп: "Бұл адами апат 20 млн-нан аса йемендік азаматты қуаңшылыққа ұшыратып, өлімге душар етіп отыр. Бұл статистика күн сайын артып келеді",-деп мәлімдеді.

Адам құқығын қорғаушы ұйымдар осы мәлімдемеде: "Адамзаттың ар-ұжданы соғыс, қоршау, аштық, ауру-сырқау мен өлімге душар болып отырған Йемен халқының азабына көз жұма қарамауы тиіс. Йемен халқының өмірлік маңызы бар салалар, әсіресе медициналық қызмет көрсету және емдеу туралы талаптарына жауап беру керек",-деді.    

Тегтер