Қаң 28, 2023 18:32 Asia/Almaty
  • Исламдық жиһад: Түркия мен БАӘ-нің Құдс операциясына қатысты ұстанымдары Палестинаға қиянат болып табылады

Палестина Исламдық жиһад қозғалысының медиа кеңсесінің директоры Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Құдс шәһидтік операциясын айыптаудағы ұстанымдарын Палестина халқына жасалған қиянат деп атады.

 

 

Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, жұма күні түнде Құдстың солтүстігінде 7 сионистің қаза тауып, 10 адамның жаралануына әкелген шәһидтік операцияны айыптады.

Палестина Исламдық жиһад қозғалысының медиа кеңсесінің директоры Дауд Шахаб: «Түркия мен БАӘ-нің Сыртқы істер министрлігінің Құдс шәһидтік операциясына қатысты айыптау мәлімдемелері араб және исламдық ұстанымға қарсылық пен Израиль лаңкестігінен күн сайын қырылып жатқан Палестина халқына қиянатты көрсетеді»,- деді. Палестина исламдық жиһад қозғалысының өкілі Тарик Салми де: «Еуроодақ пен АҚШ елшілерінің Құдстың қаһармандық операциясына қатысты жылдам ұстанымы Батыстың екіжүзді стандарттарын тағы бір рет көрсетті. Палестиналық әйелдер мен балаларды нысанаға алып, ондаған жазықсыз адамның өмірін қиған күнделікті өлтіру көріністері алдында бұл елдер мен ұйымдар үнсіз қалды»,- деп мәлімдеді.

 

 

 

Тегтер