Ақп 01, 2023 17:42 Asia/Almaty
  • Алжирдегі исламдық елдер парламенттері басшылары сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын дереу тоқтатуға тоқталды

Исламдық елдер парламенттерінің басшылары Алжирде өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер Парламенттер Одағының 17-ші отырысының қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстары мен шабуылдарын тез арада тоқтатуды қуаттады.

 

Бұл отырысқа 54 елдің парламенттерінің өкілдері мен 17 елдің парламенттері спикерлері қатысты. Исламдық елдер парламенттері төрағалары Алжирдегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер парламенттер Одағының 17-ші отырысының осы қорытынды мәлімдемесінде Олар Газа секторының қоршауын алып тастау, сионистік режимнің басып алынған Палестина жерлерінде қалашық салуын тоқтату және сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын тоқтату қажеттігін қуаттады.

Алжирде өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер Паарламенттері Одағының 17-ші отырысына қатысушылар Палестина, Құдс ісі және палестиналықтардың құқықтарын қолдайтындықтарын баса айтты.

 

Тегтер