Нау 12, 2023 21:48 Asia/Almaty

Сирияның ресми ақпарат құралдары сионистік режим қырғи ұшақтарының Хома облысындағы Масьяф ауданына шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирияның SANA ресми агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің қырғи ұшақтары жексенбі күні таңертең Сирияның батысында орналасқан Масьяф ауданының Хейраббас елдімекеніне шабуыл жасап, 3 сириялық сарбазды жаралады.

Осы шабуылдан бірнеше сағат өткеннен кейін Сирияның әскери дереккөздері: "Бүгін таңертең сионистік режим бірнеше зымыранмен Ливан тарапынан Тартус пен Хомадағы кейбір жерлерді әуеден нысанаға алды",-деді.

Сириялық дереккөздері: "Сирияның әуе-қорғаныс кешені жаудың зымырандарына төтеп беріп, олардың кейбірін құлатты",-деп мәлімдеді.  

Тегтер