Нау 16, 2023 11:27 Asia/Almaty

Сирия Президенті Украинаның шығысы мен оңтүстігінен Ресейге қосылған төрт аймақ сол елдің тарихи жерлері екенін, Батыс Украина президентінің көмегімен үшінші дүниежүзілік соғысты бастағанын айтты.

Ресей басшыларымен кездесу үшін Мәскеуге барған  Башар Асад   Рия Новости-ге берген сұхбатында: «Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аймақтары соғыс болмаса да Ресейдің тарихи территориясы»,- деді. Асад Сирия үкіметінің бұл аймақтарды Ресейге қосылмай тұрып-ақ ел аумағының бір бөлігі деп санағанын айтып, бұл ұстанымның тарихи деректерге негізделгенін мәлімдеді. Сирия Президенті: «Лаңкестер Сирияда және басқа аймақтарда Батыстың атынан әрекет ететін армиялар сияқты, Украина президентіВладимир Зеленский қазір Батыстың атынан соғысып жатыр»,- деп айтты.