Нау 17, 2023 18:18 Asia/Almaty
  • БАӘ вице-президенті: Біз ешбір тарапқа елімізден Иранның қауіпсіздігіне зиян келтіруіне рұқсат етпейміз

БАӘ вице-президенті шейх Мұхаммад бен Рашид әл-Мактум Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесті.

Бұл кездесуде екі тарап екіжақты қарым-қатынастарды нығайту,  аймақтық және халықаралық аренадағы маңызды оқиғаларды талқылады. Әл-Мактум Теһранмен қарым-қатынасты нығайтуға баса назар аудара отырып, БАӘ-нің бұл елдегі ирандықтар мен ирандық мекемелердің алдында тұрған кедергілерді жоюға ерекше күш салатынына уәде берді. Әл-Мактум Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімді құптай отырып: «Бұл келісімнің аймақ үшін маңызы зор»,- деді. Ол БАӘ ешбір тараптың немесе елдің БАӘ арқылы Иранның қауіпсіздігіне зиян келтіруіне ешқашан рұқсат бермейтінін қуаттады.

Тегтер