Нау 18, 2023 18:19 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың үйі  қоршауға алынды

Палестина және еврей ақпарат құралдары жұма күні кешке премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың үйін осы режимнің жүздеген отставкадағы әскери-теңіз күштері қоршауға алғанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бұл отставкадағы сионистік сарбаздар басып алынған Қейсарияға қайықпен, тіпті жүзу арқылы жетті және Нетаньяхудың үйін қоршау арқылы сионистік қоғамдастықтың оған қарсы үздіксіз наразылықтарына қосылды. Наразылық білдірушілердің бұл жаңа әрекеті сионистік режимнің басшысы Исаак Герцогтың сәрсенбі күні түнде басып алынған аймақтарда азаматтық соғыстың орын алуы туралы жетінші рет ескертуі кезінде орын алуда. Ол  Сот жүйесін реформалаумен  байланысты Израильдегі қазіргі дағдарысқа реакция білдіріп: «Біз екі жолдамыз, не тарихи дағдарыс, не анықтаушы сәт»,- деді.

  ,

Тегтер