Қыр 02, 2023 13:43 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның Ливанда электр станциясын құруға дайын екенін мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Бейруттегі баспасөз мәслихатында министрлер кабинеті қашан шешім қабылдаса, Иран өзінің техникалық және инженерлік күштерін жіберіп, Ливанға 2000 мегаваттық электр станцияларын салуға дайын екенін айтты.

Амирабдуллахиан: «Бүгінгі таңда ірі және жеке ирандық компаниялар көрші елдер мен әлемнің кейбір бөліктерінде электр станцияларын салуға кірісті және бұл екі тарап үшін де тиімді келісім",- деді.

Амирабдуллахиан сондай-ақ Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің стратегиялық қателік екенін атап, Иранның әрқашан аймақтағы достарына осы аймақтағы тұрақсыздықтан басқа еш нәрсеге  әкелмейтін режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге жол бермеу туралы кеңес беретініне тоқталды.

 

 

Тегтер