Қаз 23, 2023 20:25 Asia/Almaty
  • Газада өткен тәулікте 500 палестиналық шәһид болды

"Әл-Маядин" арнасы сионистік режимнің Газа секторындағы әуе шабуылдарының жалғасуына назар аударып, соңғы 24 сағатта бұл шабуылдардан 500-ден астам палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.

 

"Әл-Маядиннің" хабарлауы бойынша, сионистік режим қырғи ұшақтары Газа секторының әртүрлі аймақтарындағы шабуылдарын жалғастырып, көптеген тұрғын үйлер нысанаға алынды. Осы хабардың басқа бір бөлігінде Израиль әскери ұшақтарының бүгін Газа секторының солтүстігіндегі «Бейт Ханун» аймағын 20 минутта 7 рет бомбалағаны атап көрсетілді.

 

Тегтер