Қар 05, 2023 20:29 Asia/Almaty
  • Қассам батальондары басып алынған жерлерге зымырандық шабуыл жасады

Сионистік режимнің Газа секторының батысындағы әш-Шати лагерінің тұрғын аудандарына тыйым салынған фосфорлы бомбалармен шабуыл жасағанына жауап ретінде ХАМАС-тың әскери тармағы Қассам батальондары тағы да Тель-Авивті зымыранмен атқылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тель-Авивпен қоса, Элад қаласы мен басып алынған Палестинаның кейбір орталық аудандары бірнеше минут бойы Қассам батальондары тарапынан атқыланды.

Сондай-ақ Құдс күштері сенбі күні кешке: "Тель-Авивтің Ашкелон, Сдерот, Нирам, Макласим, Кфар-Аза, Кфар-Саад аудандарын зымыранмен атқыладық",-деді.

Құдс күштерінің мәлімдемесінде: "Бұл шабуылдар 9488 адам, соның ішінде  3900 бала мен 2509 әйелдің шәһид болғанына және 32 мың адамның жарақат алғанына жауап ретінде жүргізілді",-делінген.

Сондай-ақ Қассам батальондары сионистік режим армиясының бейбіт палестиналықтарға қарсы қылмыстарына реакциясында Эйлат сионистік қалашығын "Айяш-250" зымыранымен, Сдерот қалашығын ракетамен атқылады.

Сионистік режимнің ақпарат құралдары Эйлат, Сдерот пен Нирам қалашықтарында және Газа секторының атырабындағы сионистік қалашықтарда қатер дабылы қағылғанын хабарлады.   

Тегтер