Ақп 01, 2024 20:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрілері екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолдарын талқылады

Иран мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрілерінің телефон арқылы сұхбатында кейбір екіжақты тақырыптар, екі елдің әріптестік жасау салалары, аймақтық мәселелер талқыланды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан мен Фейсал бен Фарханның сәрсенбі күнгі телефон арқылы сұхбатында умра қажылығына апаратын рейстер ашу және Сауд Арабиясының техникалық делегациясының Иранға сапары қарастырылды. Ирандық тарап умра рейстерін ашуды жеделдету керегін баса айтты.

Сондай-ақ тараптар сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарының жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, қылмыстарды тоқтатып, гуманитарлық қоршауды жойып, аймаққа тыныштықты қайтару керегін баса айтты.

Тараптар осы сұхбатта аймақтық және халықаралық өзгерістер, соның ішінде  Газа, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Қызыл теңіздегі жағдай туралы пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі өзінің саудиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбатында оны Теһранға ресми сапармен келуге шақырды.

Тегтер