Ақп 29, 2024 21:41 Asia/Almaty
  • Газада 30 мың адам қаза тапты

Газадағы медициналық дереккөздерінің хабарлауынша, сионистік режим Газа секторына соғыс басталы бері 30 мың адам қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газаға шабуылдары жалғасып жатыр, соның салдарынан бұл аймақта қаза тапқандар саны 30 мыңнан асты.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы Ашраф әл-Қадра: "Әл-Шифа ауруханасында тағы 2 бала дұрыс тамақтанбағаннан қаза тапты. Жұттан қаза тапқан балалар саны 6-ға жетті",-деді.

Ашраф әл-Қадра: "Біз халықаралық ұйымдардан Газа секторының солтүстігінде гуманитарлық апаттың алдын алу үшін шұғыл шара қолдануды талап етеміз",-деді.

Ашраф әл-Қадра: "Халықаралық қауымдастық сионистік режимнің Газа секторында жасап жатқан геноцидін тоқтату үшін ақлақтық және гуманитарлық сынақ алдында тұр",-деді.

Al-Mayadeen арнасының Палестина медициналық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің Газа секторына басқыншылығы салдарынан жұмысы тоқтап қалған "Камал Адуан" ауруханасында 7 бала дұрыс тамақтанбағаннан қаза тапты.

Тегтер