Сәу 18, 2024 17:12 Asia/Almaty
  • Газада қаза тапқан балалар саны жарияланды

БҰҰ-на қарасты UNICEF балалар қоры: "Сионистік режим Газа секторында соғыс бастағалы бері 13800 баланы шәһид етті",-деді.

UNICEF-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел Газа секторындағы балалардың жағдайын ауыр әрі аянышты деп атап: "Газа секторында қирату көлемі мен жылдамдығы жантүршігерлік. Сионистік режимнің шабуылдары салдарынан осы күнге дейін 13800-ден аса бала қаза тапты",-деді.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газаға шабуылдарында осы күнге дейін 33899 адам қаза тауып, 76000-нан аса адам жараланды. 8 мыңға жуық адам әлі күнге дейін үйінділер астында қалып, із-түссіз жоғалғандар қатарында саналады. Оларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сондай-ақ, Газа соғысында қаза тапқандар мен жараланғандардың 73 пайызы – әйелдер мен балалар.

ИИР Израиль режимін құлатып, еврейлерді өз отандарына қайтаруды қолдап отыр.

Тегтер