Пайғамбардың Әһле Бәйті, ең жақсы Құран үлгілері / Батыстағы жалған руханияттың өрлеуі
(last modified Sat, 18 May 2024 15:09:12 GMT )
Maм 18, 2024 21:09 Asia/Almaty
  • Пайғамбардың Әһле Бәйті, ең жақсы Құран үлгілері / Батыстағы жалған руханияттың өрлеуі

Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының Бас хатшысы Реза Рамазани өз сөзінде: «Құран – интеллектуалдық, моральдық және практикалық дағдарысқа тап болған бүгінгі адамзат қоғамының құтқарушы мәтіні. Әһле Бәйт (ғ.с.) – Құранның ең шынайы үлгілері»,- деді.

Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының Бас хатшысы Реза Рамазани Теһран кітап көрмесінде Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының соңғы басылымдарының тұсаукесері рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қай жерде ғылым іргелі ғылымдардың, физиканың, химияның, теологияның, философияның және логиканың әртүрлі өлшемдерінде дамыса, қоғам да дамиды. Қоғамның өсуі – қоғам мүшелерінің моральдық және практикалық тұрғыдан өсуімен бірдей. Осы сана мен білім қаншалықты көп болса, сол қоғам бай қоғамға айналады»,- деді.

Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының Бас хатшысы: «Алламе Хасанзаде Амоли Алла Тағала адамды екі нәрсе үшін жаратқан: хикмет пен байлық деп айтатын»,- деді. Рамазани сөзінің басқа бір бөлігінде Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының қызметіне тоқталып: «Революцияның басында Иранның ғылыми орыны 57 болды, бүгінде біз 15-ші орынға жеттік, ал кейбір салалар бойынша біз ғылыми өсу бойынша әлемдегі алғаш 10 елдің қатарындамыз»,- деп мәлімдеді. Рамазани Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясында бір жылда 175 аударма жасалғанына, мұның маңызды даму және жұмыс болғанын айтып, былай деп қосты: «Ұйымның тағы бір бөлігі - шииттік Wiki. 1402 жылы онда 22 тілде сегіз мыңнан астам жазба болды. Әһле Бәйт халықаралық университеті 8 пәннен 23 пәнге дейін өсті. Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының ғылыми беделі. Дүниеде Әһле Бәйт (ғ.с.) және Әһле Бәйт (ғ.с.) мектебі туралы білім алғылары келсе, Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясының зерттеулерін зерттегені жөн. Дүниежүзілік Әһле Бәйт (ғ.с.) ассамблеясы ақида, ой, әдеп және амал және ережелер салаларында ең бай білімге ие».

Әһле Бәйт (ғ.с.) ұйымы дарындар мен қоғам мүшелеріне «олардың ең жақсы адам үлгілері» екенін таныстыруы керек. Адамзат қоғамы бұл асылдарды білмегендіктен, олар басқаларды іздеді. Әһле Бәйт (ғ.с.) – Құранның ең жақсы үлгілері және шынайы тыңдаушылары. Иранның Хобрегон ассамблеясының мүшесі былай деді: «Біз әлі Құранмен қарым-қатынас орнатқан жоқпыз, онымен таныс те емеспіз. Біз Құранның мазмұнын, ақиқаттарын, нақылдарын, нәзік тұстарын білмейміз және Құранға жатпыз. Құран бүгінде тасталған және таңқаларлық. Құран – интеллектуалдық, моральдық және практикалық дағдарысқа тап болған бүгінгі адамзат қоғамының құтқарушы мәтіні. Құранмен сөйлескен адам өзін ешқашан жалғыз сезінбейді. Құран – бүгінгі адамзат қоғамының жалғыз құтқарушы нұсқасы. Дінді дұрыс түсіндіре алсақ, әрбір адам дінге бейім болады.  Ол бір кездері олар руханиятқа қарсы күрессе, бүгінде Батыс руханиятқа бейім, бірақ олар жалған руханиятқа бет алды. Қазіргі уақытта Америка мен Еуропада үш-төрт мың жалған руханият бар. Карлос Кастанеда, Дон Жуан, мексикалық мистицизм мен үйірме мистицизмі кітаптарына деген тенденция біздің әлемдегі діни руханияттың және діни мәдениеттің кедейлігімен бетпе-бет келгенімізді көрсетеді».