Хұсейн (ғ.с.) – дүниедегі азат адамдардың имамы; Ислам пайғамбарының үмбетін түзеу үшін көтерілген адам
(last modified Tue, 16 Jul 2024 15:27:34 GMT )
Шіл 16, 2024 21:27 Asia/Almaty
  • Хұсейн (ғ.с.) – дүниедегі азат адамдардың имамы; Ислам пайғамбарының үмбетін  түзеу үшін көтерілген адам

Ислам пайғамбарының немересі, әулетінің мүшесі Хұсейн бен Әли (ғ.с.) көтеріліс алдында: «Мен бүлік, жемқорлық, зұлымдық деп көтерілген жоқпын, тек бабамның елін түзеу үшін ғана көтерілдім",- деді.

 

Әлемнің азат әрі азаттық сүйгіш халқының жүрегінде имам Хұсейнге (ғ.с.) тең келетін ешкім жоқ. Ол озбырлыққа қарсы тұру мен әділдіктің, руханилық пен шынайылықтың, батылдық пен пенделіктің үлгісі.

Parstoday имам Хұсейннің (ғ.с.) өмірі мен ойына шолуын ұсынады:

Әһле Бәйттен шыққан және Ислам пайғамбары Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немересі және Алла елшісінің қызы Фатиманың (ғ.с.) және шиіттердің бірінші имамы Әли бин Әбиталибтің (ғ.с.) перзенті Хұсейн (ғ.с.) хижри-қамари жыл санауының 4-ші жылы Мәдина қаласында дүниеге келген.

Имам Хұсейн (ғ.с.) – Пайғамбардың Әһле Бәйтінің бірі, олар туралы Құранда "Татхир" аяты түсіріліп, күнәдан пәк деп таныстырылды. Ол ахлақты, адамгершілікті, еркіндікті қалпына келтіру үшін бар күшін салған тұлға. Шиіттер және сүнниттердің тарихи деректеріне сәйкес, ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) сәби дүниеге келгенде, шәһид болуы туралы жариялап, оған «Хұсейн» есімін таңдаған. Хұсейн бен Әли (ғ.с.) шиіттер арасында үшінші имам және шәһидтердің әміршісі болумен қатар, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) рауаят еткен ізгі қасиеттерге байланысты және өз заманының жауыз билеушісі Язид бен Муавияға қарсы тұрғаны үшін сүнниттер арасында да,  құрметке ие

Имам Хұсейнді аза тұту Шахчераг, Шираз, Иран

Имам Хұсейн (ғ.с.) Омейядтар әулеті кезінде патша болған Муавияға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Ол Язидке (Муавия ұлы)  ант беруден бас тартты.

Ол Язидті адам баласына және қоғамға жат мінез-құлықтары бар, жауыз, қабілетсіз адам деп атайды. Имам Хосейн халифатты илаһи мәртебе деп санап, қоғамның қамқоршысы пайғамбар сияқты болуы керек және Пайғамбар өлмес бұрын оларды тағайындаған деп есептеді. Ақыры Имам Хусейн Язид элементтері мен жалдамалылардың қысымына байланысты Мәдина қаласынан Меккеге аттанды. Меккеде болған төрт ай ішінде ол Куфа тұрғындарынан губернаторлықты қабылдау туралы көптеген өтініштер мен хаттар алды. Осы өтініштерден кейін имам Хұсейн Куфаға өзінің өкілі «Муслим бин Ақилді» жібереді. Муслим куфиялықтардың қолдауын растап, имам осы қалаға кетті. Екінші жағынан, Язид та имам Хұсейнге (ғ.с.) қарсы тұру үшін әскер жіберді.

Ауғанстандағы Ашурадағы аза тұту рәсімі

Ақыры екі жақ һижраның 61 жылы мұхаррам айының екінші күні Кербала шөлінде кездесті. Бірақ Куфа халқы имам Хұсейнмен келісімін ұстанбай, оны әділетсіз шайқаста жалғыз қалдырды. Тарихи деректерге қарағанда, Язид әскерінде 30 мыңдай адам болса, имам Хұсейннің (ғ.с.) сарбаздарының саны 72 адам болды. Алайда имам (ғ.с.) дұшпанның  ант беру бұйрығына бағынбады. Ашура күні (мұхаррам айының 10-ы) қиян-кескі шайқас болып, имам Хұсейннің (ғ.с.) серіктері ұмытылмайтын ерлік жасады. Язид әскері тіпті имам Хұсейннің (ғ.с.) қосынына баратын су жолын жауып тастап, хазірет пен оның серіктері шөлдеп шәһид болды. Имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның серіктерінің қасиетті бастары денелерінен бөлініп, Язидтің сарайына жіберілді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) шәһид болмас бұрын жазған хатында: "Мен бүлік, жемқорлық, зұлымдық деп көтерілген жоқпын, тек бабамның елін түзеу үшін ғана көтерілдім» деген болатын. Мен жақсылыққа  шақырып, жамандықтан тыйып, атам (с.ғ.с.) мен әкем Әли бен Әбиталибтің жолында болғым келеді",- деп жазды.

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) ол туралы сан рет: «Хұсейн меннен, мен Хұсейнненмін",- деп айтқан. Бұл сөздің бірінші бөлігі түсінікті. Екінші бөлім, яғни менің дінім, мектебім және сенімім Хұсейннің арқасында адамзатты баратын жері мен мақсатына жеткізу үшін аман қалады.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) (Кербала) қабірі бүгінде жер шарының азат және дана халқының зиярат орны, ал оның шәһид болғаны әлем мазлұмдары мен азаттық іздеушілер қозғалысының негізі болып табылады.

«Табук» немесе «табыт арба» рәсімі; Ашурадағы индонезиялық шиіттер рәсімі

 

Parstoday осы мақаланың жалғасында имам Хұсейннің (ғ.с.) әйгілі сөздерін ұсынады:

Қымбат асыл тастар

Имам Хусейн (ғ.с.): "Біз Алланың адамдарымыз, жеңіске жетеміз, әрі Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жақынбыз және пәк Әһле Бәйттенбіз.  Біз Алла Елшісінің бізді Алланың Кітабының (және оның тіпсіршілерінің) қасына қойған екі ауыр салмақтың біріміз".  [Табарси,  "Әл-Ихтиджадж", 229]

 

Хұсейн (ғ.с.) ұрпағы Мәһдидің (ғ.с.) келуі

Имам Хұсейн (ғ.с.): "Дүние өмірінде бір-ақ күн қалса, Алла Тағала ол күнді менің әулетімнен бір ер адам келіп, зұлым мен қорлыққа толған әлемді әділет пен мейірімділікке толтыратындай етіп ұзартады. Мен мұны Алла Елшісінен (ﷺ) естідім", - деген.   [Кәмал әд-Дин, 317-ші бет ; Бихарул-Анвар, 133-ші бет].

 

Өлім қорлықтан жақсы

Имам Хұсейн (ғ.с.) (Ашура күні): "Абройлы өлім қорлайтын өмірден жақсырақ. Өлім қорлық пен жамандықтан артық, ал қорлық отқа (тозақта) кіруден жақсырақ". [Имам әл-Хұсейн сөздерінің энциклопедиясы 499]

 

Азаттық

Имам Хұсейн (ғ.с.): "Сендер қасіретке қаласыңдар,  Суфиян әулетінің ізбасарлары, егер діндерің болмаса және қиямет күнінен қорықпасаңдар, ең болмаса өз дүниелеріңде азат болыңдар". [Бихар әл-Анвар, 51-бет, 2-том.]

Түркия,  имам Хұсейнді аза тұту рәсімі

 

Оразаның даналығы

Имам Хұсейннен (ғ.с.): "Алла Тағала неліктен құлдарына ораза ұстауды парыз етті?"- деп сұрағанда,  Ол (ғ.с.) былай деді: «Байлар аштықтың ауыртпалығын татуы үшін және  байлығын кедейлерге көмектесу үшін жұмсау үшін".  (Имам  Хұсейн сөздерінің энциклопедиясы, 692-бет)

Кербаладағы имам Хұсейннің (ғ.с.) қасиетті кесенесі

Алладан басқаның бәрі

Имам Хұсейн (ғ.с.): «Аспандағылар жойылады, жердегілер  өледі, Құдайдан басқаның барлығы тұрақсыз және бәрі де жойылады".

 [Футух Ибн Атхам, 5-том, 94-бет[.

 

Жетімдерді басып-жаншу

Имам Хұсейн (ғ.с.): «Перзентім! Алдыңда Алладан басқа көмекшісі жоқ пендеге зұлымдық жасаудан аулақ бол. [Бихарул-Анвар, 308-бет, 1-том.]   

 

 

 

 

Тегтер