Ислам пайғамбарының тұлғалық, әлеуметтік және саяси сипаты қандай болды?
(last modified Mon, 02 Sep 2024 12:03:48 GMT )
Қыр 02, 2024 18:03 Asia/Almaty
  • Ислам пайғамбарының тұлғалық, әлеуметтік және саяси сипаты қандай болды?

Тарих куәландыратындай, Исламның сүйікті пайғамбары мүміндермен және халқымен әрқашан ашық, анық сөйлесіп, мәселені саясаттандырмай, қажет жағдайда жұмсақтық танытқан.

Алланың пайғамбары өзінің ұлылығымен және ең жоғарғы дәрежесіне жетуімен бірге  дүниеден өткенге дейін әрдайым Аллаға жақындау және көбірек зікір ету үшін талпынысты тоқтатпады.  Демек, Беғсаттың бірінші жылының пайғамбары (с.ғ.с.) мен 23-ші жылының пайғамбары (с.ғ.с.) бірдей емес. 23 жыл бойы ол Иемізге жақындады.

Ғибадат өмірі

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол дәрежесімен, қадір-қасиетімен,  ұлылығымен ғибадаттарын назардан тыс қалдырған емес. Бір күні түнде Умма Салама Пайғамбардың (с.ғ.с.) жоқ екенін көріп, іздеп барып, хазіреттің намаз оқып, көз жасын төгіп, кешірім сұрап жатқанын көреді. Хазірет: "Уа, Алла, мені бір көзді ашып-жұмғанша жалғыз қалдыр",- деп сұралы. Умма Салама жылай бастады. Пайғамбар (с.ғ.с.) оның жылауынан бұрылып: «Мұнда не істеп жүрсің?», - деді. Умма Салама: "Уа, Алланың Елшісі! Алла Тағала сізді қатты жақсы көреді, күнәларыңызды кешірді, сіз неге жылайсыз",- деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): "Егер мен  Алланы елемесем, мені не сақтайды?"- деп жауап берді.

Бұл бізге сабақ. Абырой, қорлық, қиыншылық, жайлылық, адамды жау қоршап алған күні, дұшпан адамның көзіне, бар болмысына таңылған күні, барлық жағдайда Алланы еске алу және Оны ұмытпау, Аллаға арқа сүйеу және Одан сұрау; Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бізге берген ұлы тағылымы...

Тамақтану мен киім киюі

Алланың Елшісі (с.ғ.с.) қарапайым киім киіп, алдына қандай тағам берілсе, соны жейтін. Хазірет белгілі бір тағамды сұрамады және тағамды дұрыс емес деп қайтармайтын.

Ахлақи өмірі

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жұбайларының бірінен Алла Елшісінің (с.ғ.с.)   ахлағын айтып беруін сұрағанда, ол: "Оның ахлағы Құран болды; Яғни, Құран Кәрімде адам баласының тәсілі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, ахлағы туралы ұсынбалы, жақсы және ұнамды түрде оқысаң, барлығы хазіреттің болмысында бейнеленіп, жиналған",- деді.  

Демек, ахлағымыз айтқанмызға, шақырғанымызға сай болуы керек.                                                            

 Ғылыми өмірі

Ардақты Пайғамбарымдың (с.ғ.с.) хадисі Құран Кәрімнің бірнеше жерінде қайталанып, Құранның "Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді" деген аятынан басқа, тағы бірнеше аятында тәлім-тәрбие берді.    Хадисте «Алла мені ұстаз етіп жіберді» деп айтылды. Мұғалім, яғни адам тәрбиеші дегенді білдіреді. Шын мәнінде, мен өзімнің оқу тағылымдарыммен шәкірттерімнің өмірін жеңілдетемін. Бұл жеңілдету жеңіл қабылдаудан ерекшеленеді. Яғни, бұл немқұрайлылық емес. 


Мәдени өмірі

Бұл ұстаз исламдық ахлақ пен парыздар қоғамда тұрақты тақырыпқа айналатындай әрекет етті. Ол надандық сезімдерімен және исламдық емес этиканың тұндырылған қалдықтарымен күресіп, оларға қарсы тұрады және керек уақытта және дұрыс әдістермен қоғамның атмосферасы мен халықтың өмір сүру ортасында осы сипат пен жақсы әдепті таратады.

Әлеуметтік өмірі

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) адамдармен қарым-қатынасы жақсы болды. Ол адамдардың ортасында үнемі қарапайым болатын, уайым-қайғысы оңаша қалғанда көрінетін. Мұң-мұқтажын жұрттың көзінше көрсетпейтін. Хазірет күлімдеп, барлық адамдарға сәлем беретін. Біреу ренжітсе, жүзінен көрінгенімен, бірақ  сөзбен жауап қайтармайтын. Көзінше ешкімді балағаттауға, жамандауға рұқсат бермеді. Өзі де ешкімге тіл тигізбеді, ешкімді жамандамады. Пайғамбар (с.ғ.с.) балаларды еркелетіп, әйелдерге мейірімді болды. Олар серіктерімен қалжыңдасып, ат жарысты.

Саяси  өмірі

Пайғамбар (с.ғ.с.) ешқашан екі жақты сөйлемейтін. Әрине,  жаумен бетпе-бет келгенде нақты саяси жұмыс атқарып, жауды адастырды. Көп жағдайда хазірет (с.ғ.с.)  жауды таң қалдырды;  Әскери жағынан да, саяси жағынан да, бірақ олар әрқашан мүміндермен және  өз халқымен әрқашан ашық, анық сөйлесіп, мәселені саясаттандырмай, қажет жағдайда жұмсақтық танытқан.

Тегтер