-
Ливан Хизболласының Бас хатшысы: АҚШ Палестинаны қолдайтын және тәкфиршілерге қарсы ақпарат құралдарды бұғаттайды
Маусым 26, 2021 17:06Ливан Хезболласының Бас хатшысы АҚШ-тың қарсыласу қозғалысына қатысты сайттарды жабуына реакция білдіріп: «АҚШ Палестинамен ынтымақтастықта шешуші рөл атқаратын және АҚШ-тың үстемдігі, бүлік пен такфіршілерге қарсы тұратын БАҚ-ты бұғаттады»,- деп мәлімдеді.
-
АҚШ-тағы ғимараттың құлауынан 20 еврей жоғалып кетті
Маусым 25, 2021 17:24Еврей тіліндегі ақпарат көздері Израиль Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, АҚШ-тың Флорида штатындағы тұрғын үй кешенінің құлауында жоғалып кеткендердің 20-сы - еврей сионистік режимінің азаматтары екенін хабарлады.
-
АҚШ әскери күштеріндегі суицидтік цунами - терең дағдарыстың белгісі
Маусым 24, 2021 20:00АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) соңғы есебі АҚШ әскери қызметшілері, әсіресе ардагерлер арасында суицидтің көбейгенін көрсетті. Бұл есеп бойынша, өткен алты жылда 45000-нан астам американдық ардагер немесе АҚШ әскери қызметінде болған адам өзін-өзі өлтірді.
-
Сан-Францискода күндізгі ұрлыққа байланысты 17 дүкен жабылды
Маусым 23, 2021 15:15Күндізгі тонау Калифорния штатындағы Сан-Францисконың 17 дүкенінің жабылуына себеп болды.
-
Сирия мен Ирактың ресурстарының талан-таражға салынуы - халықтың американдық басқыншылардан шығуды талап етуінің себебі
Маусым 21, 2021 19:59Батыс азиялық аймақтың ғана емес, әлемнің кез-келген жерінде американдық басқыншы күштердің орналасуы аймақ халықтары үшін тұрақсыздық, сенімсіздік және осы азаптан басқа ешнәрсе әкелмеді. Америкалықтардың сөздеріне қайшы, олар аймақта қауіпсіздік пен тыныштық туғызбас түгілі, олар үшін көптеген қиындықтар тудырды.
-
Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының басшысы АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкцияларына реакция білдірді
Маусым 21, 2021 19:09Ресей Думасының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының басшысы АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкцияларының өз газын Еуропаға сату үшін екенін мәлімдеді. Леонид Слуцкий: «АҚШ-тың «Северный поток 2» газ жобасына қарсы санкциялары - өз газын Еуропаға сатуын ілгерілету саласындағы зиянды бәсекенің мысалы»,- деді.
-
Раиси: Мен Байденмен кездеспеймін
Маусым 21, 2021 17:57Иранның сайланған президенті АҚШ президентімен кездескісі келмейтінін мәлімдеді.
-
АҚШ-тың әскери автоколоннасы Ирактың Дивания қаласында нысанаға алынды
Маусым 17, 2021 18:31Қауіпсіздік көзі Ирактың оңтүстігіндегі Дивания облысында АҚШ әскери техникасы тиелген автоколоннаның нысанаға алынғанын хабарлады.
-
АҚШ-тың жаңа санкциялары
Маусым 11, 2021 19:55АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні Сақшылар корпусының Құдс күштері мен Йеменнің Ансаролла қозғалысын қаржымен қамтамасыз етуде рөл атқарады деген сылтаумен бірнеше тұлға мен органды санкциялар тізіміне енгізді.
-
АҚШ тізе бүкті, Иран волейбол командасы бесінші жеңісіне жетті
Маусым 10, 2021 14:58Иранның ұлттық волейбол командасы сәрсенбі күні сағат 20:30-да 2021 жылғы волейболдан ұлттар лигасының жетінші кезеңінде АҚШ командасымен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Үш сет ойын 25:19, 25:23 және 25:23 ұпаймен Иран командасының мүддесіне шешілді. Иран 7 ойында 5 жеңістен 15 ұпай жинап, турнир кестесінде бір сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтады.