-
Газа секторында тағы бір тілші шәһид болды
Қар 07, 2023 19:21Палестиналық журналист Яхья Әбумуни сионистік армияның Газа қаласына қарқынды шабуылдарынан кейін шәһид болды.
-
Газадағы соғыс Бен-Гурин әуежайының жұмысын тоқтатты
Қар 07, 2023 18:21Газаға қарсы соғыс және қарсыласушылардың сионистік режимнің қылмыстарына жауап беруі Бен Гурион әуежайындағы рейстерге қатты әсер етіп, рейстер азайды.
-
Газа соғысы; Сионистік режимнің қылмыстары жалғасуда
Қар 07, 2023 18:02Сионистік режимнің Газадағы тұрғын аудандарға шабуылдары халықаралық қауымдастықтың әрекетсіздігінің көлеңкесінде жалғасуда.
-
Зарғами Газадағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату туралы ЮНЕСКО-ға хат жазды
Қар 07, 2023 17:35Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі ЮНЕСКО-ның Білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директорына жолдаған хатында бұл ұйымның басып алынған жерлерді, әсіресе Газадағы туындыларды, орындарды және мәдени мұраларды қорғау үшін шұғыл әрекет етуін талап етті.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Сионистерге қысымды күшейту үшін Ирак ислам әлемінде айрықша рөл ойнай алады
Қар 07, 2023 00:16Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұхаммед Шиа Судани бастаған делегациямен кездесуінде Ирак үкіметі мен халқының Газа халқын қолдауда мықты позиция ұстанып отырғанына алғыс айтып, Газа халқын қырып-жоюды тоқтату үшін ислам әлемінің АҚШ пен сионистік режимге саяси қысымдарын арттыру керегін айтып: "Ирак аймақта бір маңызды ел ретінде бұл салада айрықша рөл ойнап, араб дүниесі мен ислам әлемінде жаңа стратегия тудыра алады",-деді.
-
Газаға құрлықтан шабуыл барысында сионистік режимнің адам шығыны артты
Қар 06, 2023 17:07Сионистік режимнің армиясы Газаға құрлықтан шабуыл барысында 31 әскери қаза тауып, 260 адам жараланғанын хабарлады.
-
Ирак пен Сирияда АҚШ-тың 3 базасына шабуыл жасалды
Қар 06, 2023 17:00Ирак ақпарат көздерінің айтуынша, Ирактың солтүстігі мен батысы және Сирияның шығысындағы АҚШ базаларына зымыран және дронмен шабуыл жасалды.
-
Иордания Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберді
Қар 06, 2023 16:49Иордания королі жексенбі күні түнде Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберілгенін хабарлады.
-
Түркия АҚШ Мемлекеттік хатшысын салқын қарсы алды
Қар 06, 2023 16:35Кеше кешке Түркия астанасына келген АҚШ Мемлекеттік хатшысын тек Анкара әкімі мен осы елдегі АҚШ елшісі қарсы алды.
-
Иран мен Ирактың ортақ ұстанымы: Газаны бомбалау доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнауы тиіс
Қар 06, 2023 16:13Раиси Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз конференциясында: "Екі елдің Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы бір. Біз ортақ ұстанымдарымызды талқыладық. Газада бомбалау, жаппай қырып-жою және балаларды өлтіру тез арада доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнатуы тиіс деген сенімдеміз",-деді.