-
Ислам революциясының жетекшісі Иран Қарулы күштерін үздіксіз дамыту керегін баса айтты
Сәу 17, 2023 22:05Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларын қабылдап, бұл күштерді ел мен жердің берік қоршауы деп атап, оның үздіксіз дамып жатқанынан ризалық білдіріп: "Бекіну мен дамудың бір деңгейін қанағат тұтпаңыздар. Тоқтаусыз алға жүріңіздер",-деді.
-
Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларын қабылдады
Сәу 16, 2023 19:32Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бүгін түсте Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларын қабылдап, бұл күштерді, Мүміндердің әмірі (ғ.) айтқандай, ел мен жердің берік қоршауы деп атап: "Бұл биік орынның ауыр жауапкершілігі бар. Аллаға шүкір, Қарулы күштер осы беделді орынның қадірін біліп, өз міндеттерін атқарып жатыр",-деді.
-
Ислам революциясының жетекшісі ақындармен кездесті
Сәу 06, 2023 16:32Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрінің көмекшісі: "Коронавирус таралуы салдарынан болған үш жылдық үзілістен кейін Ислам революциясының жетекшісі имам Хасанның (ғ.) туған күні ақындармен кездесті",-деді.
-
Ислам революциясының жетекшісі: 1402 жыл - Инфляцияны тоқтату және өндірісті арттыру жылы. Экономика – елдің басты мәселесі
Нау 21, 2023 10:45слам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хижраның 1402 жылының басталуына байланысты жолдауында Иран халқы мен Наурызды тойлайтын барлық халықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, өткен жылғы елдің ең маңызды мәселесін экономика мен халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселесі деп атап, биылғы жылдың басты мәселесі экономика екенін баса айтып, 1402-ші жылғы ұранды «Инфляцияны тоқтату және өндірісті арттыру» деп жариялады.
-
Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған елдер бір-бірімен әріптесе отырып осы құралды жоюы керек
Нау 14, 2023 19:41Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Беларусьтың ортақтықтарына тоқталып: "АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған елдер бір-бірімен әріптесе отырып, осы құралды жоюы керек",-деді.
-
Ислам революциясы жетекшісінің испан тілінде сөйлейтін халықтарға жолдауы жарияланды
Нау 11, 2023 17:57Каракаста Ислам революциясы жетекшісінің естеліктерінің испан тіліндегі нұсқасының басылып шығуымен бір мезгілде аятолла Хаменеидің испан тілінде сөйлейтін халықтарға жолдауы жарияланды.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Оқушылардың улану тақырыбы – үлкен қылмыс
Нау 06, 2023 20:53Ислам революциясының жетекшісі Иранда оқушылардың улану тақырыбын елеусіз қалдыруға болмайтын үлкен қылмыс деп атады.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Иранофобияның негізгі себебі - Ислам Республикасының Палестинаны ашық және ойланбай қолдауы
Ақп 18, 2023 21:46Ислам революциясының жетекшісі: «Ислам жүйесі ешкімге бас имей, Палестина халқын ашық қолдап, қорғай отырып, оларға қолынан келгенше көмектесуді жалғастырады»,- деді.
-
Ислам революциясы жетекшісінің соңғы бүлікке қатысты айыпталғандар мен сотталғандарға рақымшылық жасауы – Ислам республикасы жүйесінің айбыны мен мейірімінің белгісі
Ақп 06, 2023 23:09Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығына орай және Режеп айының мерекелері қарсаңында Ислам революциясының жетекшісі соңғы кезде болған бүлікке қатысты айыпталғандар мен сотталғандардың көбіне рақымшылық жасап, жазаларын жеңілдетуге келісті.
-
Иранның Адам құқығын қорғау штабының хатшысы: Айыпталғандарға рақымшылық жасау – бұрын-соңды болмаған бастама
Ақп 06, 2023 21:55Иранның Адам құқығын қорғау штабының хатшысы айыпталғандарға рақымшылық жасауды бұрын-соңды болмаған бастама деп атап: "Бұл исламдық-гуманистік қадам – адам құқығы саласындағы биік қадам және Иран жүйесінің халықтық сипатының белгісі",-деді.