-
Газа үкіметі: Басқыншылар Газаның үстіне 40 мың тонна бомба тастады
Қар 26, 2023 20:30Газа үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторының үстіне 40 мың тонна жарылғыш зат тастап, бұл аймақты тұруға жарамсыз жерге айналдыруға тырысып жатыр.
-
Израиль Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзды
Қар 26, 2023 20:09Палестина автономды құрылымына қарасты Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзып, 7 палестиналыққа шабуыл жасады.
-
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер туралы сұхбаттасты
Қар 26, 2023 19:52Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын толық тоқтату керегін айтып: "Иран мен Түркия басқа ислам елдерімен бірге Палестина халқын қолдау үшін тегеуріндірек шаралар атқаруы керек",-деді.
-
ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді
Қар 26, 2023 19:33ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.
-
ХАМАС-ты жоюды ойлаған Израильге ескерту жасалды
Қар 26, 2023 19:00Сенбі күні Францияның бұрынғы 18 елшісі Le Monde газетіне берген мақаласында: "Израиль Хизбулланың соққысын еске ала отырып, ХАМАС-ты құртамын деген иллюзиядан ада болсын",-деп ескертті.
-
Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасады
Қар 26, 2023 18:44Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасап, 4 палестиналықты шәһид етіп, 6 адамды жаралады.
-
Марокколықтар өз үкіметінен сионистік режиммен қарым-қатынасты үзуді талап етті
Қар 26, 2023 18:35Марокконың бірнеше қаласында, соның ішінде ел астанасы Рабат пен Танджердегі шерушілер сионистік режимге қарсы ұрандар айтып, осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестинаны басып алу және халықты жаппай қыруды жалғастыру деп атады.
-
Фото пост: ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫМЕН НЕ ІСТЕМЕКШІ
Қар 25, 2023 22:20Сионистік үкімет Хамаспен соғысамыз деген сылтаумен Газа секторының солтүстігін жер бетінен жойып, бейбіт тұрғындарды қырып, қалғандарын анклавтың оңтүстігіне қуып жібергеннен кейін, Израиль кенеттен, «шын мәнінде, Хамастың командалық пункттері Газа секторының солтүстігінде емес, оңтүстігінде орналасқан» деп уәжденді.
-
Сионистер "Баркан" типті зымырандарға алаңдаушылық білдірді
Қар 25, 2023 22:18Сионистік ақпарат құралдары Ливан Хизболласының зымырандық қуатына, әсіресе "Баркан" типті зымырандарды қолдануына алаңдаушылық білдірді.
-
Газада 66 тілші шәһид болды
Қар 25, 2023 21:52Бүгін (сенбі) таңертең Палестиналық журналистер мен тілшілер синдикаты сионистік режимнің Газа секторындағы басқыншылығы басталғаннан бері 66 тілшігің шәһид болғанын хабарлады.