Пайғамбардың ізбасары, дүние жүзіндегі шииттердің алғашқы имамы Амир әл-Мүминин хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесінің жауапкершілері Ғадир Хом мерекесі қарсаңында осы киелі жерді жалаулар, баннерлер орнатып, гүлдер мен шырақпен безендірді.
Ғадир күні қарт, жас, үлкен, бала - барлығы Теһран көшелеріне шығып, осы көпшілік мерекеге қатысты. «Ғадир 10 шақырымдық дастарханы» мейрамы жұма күні Теһранда Имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы алаңынан Азади көшесіне дейін өтті.
Зилхадже айының 18 жұлдызы хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматының басталған күні имамның ізбасарлары үшін ұлы күн. Жыл сайын ол Иран мен әлемде түрлі мерекелермен атап өтіледі.
Ғадир мәселесі барша мұсылмандарға қатысты. Өйткені бұл әділеттілік, ізгілік және Алланың қалауымен билік ету дегенді білдіреді. Хазірет Әлидің(ғ.с.) үкімін ұстанатындардың қатарында болғымыз келсе, өзімізді және өмірсүретін ортамызды әділеттілікке жақындатуымыз керек.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалик Бадр ад-Дин: «Велаят қағидасы Исламдағы ұлы әрі маңызды қағида болып табылады және ол діннің тұрақтылығының, өміршеңдігі мен тиімділігінің және үмбеттің ықпалдардан қорғалуының кепілі болып табылады»,- деді.
Бейсенбі күні Йеменнің ондаған қаласында миллиондаған халықтың қатысуымен Ғадир мерекесі өтті.
Ғадир Хом күні Иран Теһран мен басқа да қалаларда мерекеленіп, түрлі рәсімдер өтуде.
Исламдық Иранның әртүрлі қалалары Ғадир мерекесі күні ерекше көңіл-күй мен қуанышқа бөленді.
Бүгін хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1442 жылдың зилхадже айының 18 жұлдызы мұсылмандардың үлкен мейрамдарының бірі Ғадир Хом мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандарын Ғадир мейрамымен құттықтаймыз!
Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы хазірет Масуменің (ғ.с.) қасиетті кесенесі мен айналасындағы көшелер және басқа да діни орталықтар Ғадир мерекесіне орай жарықтандырылып, гүлдермен безендірілді. Ертең хиджри-қамари күнтізбесінің 1443 ж. зилхадже айының 18 жұлдызы, сәйкесінше 2022 жылдың 18 шілдесі мұсылмандардың ұлық мерекесі - Ғадир Хом күні.