Pars Today
Бахрейн шиіттерінің жетекшісі Сардар Шәһид Сүлеймани мен Әбу Мәһди әл-Мохандестің хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Исламының екі ұлы символы екенін және олар жарқыраған шырақ сияқты қоғамды имам Мәһдидің (ғ.с.) күніне бағыттайтынын баса айтты.
Ливан Хизболла қозғалысының бас хатшысы: «Сардар Сүлеймани діни биліктін сарбазы болған. Ол қабіріне «діни биліктін сарбазы» деп жазылуын қалаған және ол осылай өмір сүрген»,- деді.
ИИР Президенті: «Америкалықтар Иран халқының генерал Қасым Сүлейманидің қанын кешірмейтінін және осы жоғары дәрежелі шәһидтің қаны үшін кек алатынын білуі керек»,- деді.
Жүректердің қолбасшысы қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығында Иранның Қазақстандағы мәдени кеңесшісі, оқу орындарының профессорлары, ирандық зерттеушілер мен қазақстандық студенттердің қатысуымен «Шәһид Сүлеймани мектебі және заманауи ислам өркениеті» атты виртуалды конференция өтті.
Бұл күндері Керман қаласының көңіл-күйі ерекше. Генерал Қасым Сүлейманидің шәһид болғанына үш жыл толуына орай бұл шәһидтің Керманның шәһидтер гүлзарына апаратын жолдар халыққа толы.
2020 жылдың 3 қаңтарында таңертең Бағдад әуежайының жанында АҚШ үкіметі қастандықпен өлтірген генерал-лейтенант Қасым Сүлеймани қарсыласу осінің және терроризммен күрестің ұлы қаһарманы болды.
Иранның ғарыш ұйымы елдің алғашқы спутниктік жүйесін Шәһид Сүлеймани жобасы деп атады.
Иранның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының үш жылдығына арналған жолдауында: «Генерал Сүлейманидің қаны үшін кек ешқашан ел қарулы күштерінің күн тәртібінен шығарылмайды. Бұл әрекеті үшін лаңкестер жазаланады»,- деді.
Шәһид Сардар Сүлеймани бірнеше онжылдық күш-жігері барысында аймақтағы, соның ішінде Ирак, Сирия, Палестина және Ливандағы қарсыласу майданына құнды қызметтер көрсетті. Қарсыласу жетекшілері бұл қызметтерді мәңгілік деп санайтын.
Сот билігінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары және адам құқығы штабының хатшысы шәһид Сүлейманидің өліміне қатысты іс бойынша сот билігінің соңғы әрекеттерін түсіндіріп: «Қажы Қасем Сүлейманидің шәһид болғаны туралы іс бойынша 94 айыпталушы америкалықтар және негізгі үш айыпталушы - Трамп, Помпео және Маккензи»,- деді.