Ауғанстандағы жуырдағы оқиғаларды сараптау
https://itolqyn.com/news/uncategorised-i28018-Ауғанстандағы_жуырдағы_оқиғаларды_сараптау
Ауғанстандағы жуырдағы оқиғалар легіне деген көзқарас әртүрлі сараптамалар мен болжамдарға себеп болып отыр
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 14, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы жуырдағы оқиғаларды сараптау

Ауғанстандағы жуырдағы оқиғалар легіне деген көзқарас әртүрлі сараптамалар мен болжамдарға себеп болып отыр

Егер осыдан бір ай бұрынғы Ауғанстандағы «Сардар Давуд Хан» атты 400 орындық әскери ауруханада болған лаңкестік топтың шабуылына қарасақ, Кабулдың орталығында орналасқан қауіпсіздігі өте жоғары әскери ауруханаға қалайша осындай лаңкестік әрекет жасалып, жүздеген адам қаза тауып, жарақат алды деген сауал туындайды. Бұл шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ тобының өз мойнына алғаны белгілі. Дәл сол кезеңде Ауғанстанның қорғаныс және қауіпсіздік министрлері елдің Мәжілісінде тағы да сенім дауыстарына ие болды.

Осыдан оқиғадан кейін Ресейдің Талибандармен бейбіт отырыс өткізуге рұқсат беріп, сондай-ақ бұл жиналыстың үшінші кезеңінің ИИР-ның қатысуымен өткен жұмада өткеніне куә болдық. АҚШ өкілі  жиналысқа шақырылғанымен, келмеді. Бірақ, Ақ үйдің сол отырыстарға реакциясын қысқаша айтар болсақ, АҚШ Ресейдің Ауғанстанда жасаған шараларына наразылық білдірді. Вашингтон Ауғанстанға жылдар бойы салған инвестициясы мен серіктестігінің үлесінің бір сәтте ежелгі бәсекелесі Ресейге кеткеніне төзе алмайды. Вашингтон осы оймен соққы жасап, бір оқпен екі қоянды атып алмақ ниетпен Ауғанстанның шығысындағы Нангархар облысында «бомбалардың анасы» деп аталатын 10 тонналық бомбаны сынады. АҚШ бұл бомбаны ДАИШ тобының көзін жою мақсатында жасағанын айтқанымен, «бомбалардың анасы» ­­– жаппай қыратын қару. Оның астарында екі жолдау бар: біріншісі, Талибандармен бейбіт отырыс ұйымдастырған Мәскеуге, Иран өкілдері мен Пәкістан, Үндістан және Ауғанстанға, сондай-ақ, егер, Ауғанстанға күшпен бейбіт қару әкелгілеріңіз келсе, АҚШ мұны істей алады деген мағынада жасалды: екіншісі, бүгінде АҚШ пен арасында шынайы мәселе туындаған солтүстік Кореяға бағытталды. Солтүстік Корея АҚШ-тың өз мақсатына жетуі үшін құны қандай қымбат амал-тәсіл болса да, пайдаланудан аянбайтынын түсінуі қажет.

Ресейдің Талибандарға жақындығы және осы топпен мүдделерінің ортақтастығы Ауғанстаннан әсері айқын көрінетін ДАИШ-пен күресіне байланысты. Ресей мен оның Орта Азиядағы ықпалы жүретін елдерге қауіп төндіріп тұр. Ресей мен Талибандардың бірігіп, қарсы шығуы АҚШ үшін өте қымбатқа түседі. Осы тұрғыдан, Ауғанстан армиясының әскери базасы Мазари Шариф қаласындағы шабуылы түсінікті болды.

Егер Талибандардың  209-шы Ауғанстан армиясының тұрағындағы әрекетін Балх облысындағы «бомбалардың анасы» әрекеті және Ресейдегі бейбіт келісім негізінде сараптайтын болсақ, одан екі ұйғарым шығады: біріншісі, Талибандардың әлі де саясат жүргізу құдыретінен айырылмағанын және әлі де бұйрығы мен тоқтамының әдеттегідей жүретінін,  және қай уақытта бұйрық берсе болғаны әскери әрекет жасай алатынын көрсетеді. Зерттеулерге сәйкес, Ресей Талибандар арқылы қауіпсіздік тудыруды көздемейді, өйткені Талибанның қолымен қауіпсіздік тудырудың аймаққа АҚШ-тың  келуіне жол беретінін біледі.

Балх облысында болған бұл ауыртпалығы зор әрекет  бірінші кезекте АҚШ-тың мүддесін көздеді. «Бомбалардың анасы» сынағының жарылуы Ауғанстан халқы мен билігі тарапынан қатты реакция мен айғай-шуға себеп болды. АҚШ ерекше қаруды пайдаланып, осындай әрекет жасағанын, әскери еместерді де өлтіргенін ақтады.

Бір жағынан, Талибандар осындай әрекеттерді бір пайданың жетегінде жасайды деп айтуға болады. Ол күш көрсетіп, қорқытып, алдарқату саясаты саналады.

Дегенмен, талибандар олардың әр қадамдарының бір пайдасының өздері үшін, келесі жүзінің шетелдіктердің пайдасына шешілетінін білуі қажет. Бүгінде Ақ Үй сындылар Мазари Шарифтегі Талибандардың лаңкестік әрекеттерінің қылмыстары мен ДАИШ-тың Сардар Давуд Хан әскери ауруханасында ерекше қаруды қолданып жасаған шабуылдары негізінде Ауғанстандағы өздерінің құзыреттерінің қажеттілігі мен заңдылығын ақтап отыр. Қоғамдық пікірдің толқыны мен әсерінен лаңкестерге қарсы рақымсыз күреске шығып, ауруханада жатқан аурулар мен намаз оқып немесе тамақ үстелінде отырған әскерилерді өлтіріп жатқан лаңкестермен «бомбалардың анасы» сынды құралмен, тіпті одан да үлкенірек бомба арқылы күресу керек деген уәж айтуда.