Сейіт Хасан Насролла: АҚШ пен Израиль ғылымды басқа халықтарды қорлау үшін пайдаланады
(last modified Sat, 20 Oct 2018 08:47:54 GMT )
Қаз 20, 2018 14:47 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы: «АҚШ пен Израиль ғылым мен технологияны басқа халықтарды қорлау үшін пайдаланады»,-деді.

Сейіт Хасан Насролла жұма күні Бейруттың оңтүстігінде Исламдық тәлім-тәрбие институтының жиырма бес жылдығында бейнеконференция арқылы таратылған сөзінде аймақтағы кейбір араб және ислам елдерінде білімге инвестиция салуға көңіл бөлінбейтінін айтып: «Ислам елдерінде тәлім-тәрбие саласына қаражат жұмсаудың орнына жүздеген миллиард доллар гибридтік соғыстар жүргізуге жұмсалады. Бұл соғыстардың мақсаты – сионистік режимді сақтау»,-деді.   

Сейіт Хасан Насролла Газаның жағдайына тоқталып: «Сионистік режим Палестинаның Газа тұрғандарына қарсыласудан басқа амал қалдырмаған жағдай қалыптастырып отыр. Алдағы күндері орын алатын оқиғалар аймақ пен Газа секторы үшін өте маңызды болмақ»,-деді.