Иран: Һенгам аралы
Нау 09, 2019 21:25 Asia/Almaty
Һенгам аралы Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас айлағынан 43 теңіз миль қашықтықта орналасқан. Бұл арал тұрғындарының тұрмысы теңізбен тығыз байланысты. Ер адамдар балық аулап, туристерді тасымалдаумен айналысады. Әйелдер теңіз материалдарынан қолөнер бұйымдарын жасайды. Һенгам аралы – дельфиндер мен түрлі түсті балықтардың тіршілік ететін жері.
Тегтер