Арабстанның шабуылдарында ондаған йемендік азамат көз жұмды
(last modified Thu, 18 Feb 2016 09:43:05 GMT )
Ақп 18, 2016 15:43 Asia/Almaty
  • Арабстанның шабуылдарында ондаған йемендік азамат көз жұмды

Арабстанның Йеменге қарсы басқыншылығының жалғасында кем дегенде 60 йемендік азамат қаза болды.

"Аl-Mayadeen" ақпарат арнасының бейсенбі күнгі хабарлауынша, Арабстан қырғи ұшақтарының Йеменнің түрлі аймақтарына, соның ішінде, ел астанасы Сана мен орталықтағы Мариб және солтүстіктегі Саада облыстарына жасаған шабуылдарында кем дегенде 30 йемендік бейбіт тұрғын көз жұмған.

Арабстанның зеңбіректері сонымен қатар Йеменнің солтүстік-батысындағы Худжа облысының Харад қаласын да нысанаға алды.

Йеменнің оңтүстігіндегі Таиз облысының Заббаб қаласын Арабстанның Apache қырғи ұшақтары бомбалады.

Йемен әскері мен қарулы күштері де Мариб қаласының маңында ілгерілеушілікке қол жеткізді.

Келіп жеткен келесі бір хабарға сәйкес, Йеменнің оңтүстігіндегі Аденде осы елдің отставкаға кеткен президенті Абд Рабба Мансур Хадиге қарасты жалдамалылар мен әскерилер жиналған жерде бір қаруланған адам өзімен алып келген жарылғыш затты жарып, 13 адамды мерт еткен.