Иран Палестина халқын қолдайтынын қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10159-Иран_Палестина_халқын_қолдайтынын_қуаттады
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран ислам республикасының сионистік режимнің басқыншылығы алдында Палестина халқын қолдайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 28, 2016 21:15 Asia/Almaty
  • Иран Палестина халқын қолдайтынын қуаттады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран ислам республикасының сионистік режимнің басқыншылығы алдында Палестина халқын қолдайтынын мәлімдеді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Құдс шәріпті азат етудің бір топ белсендісін қабылдауында Палестинаны қолдаудың Иранның стратегиясы екенін қуаттай келе: "Палестина тақырыбын дұрыс шешу мұсылмандардың тағдырында түбегейлі өзгеріс тудырады. Иран ислам республикасының стратегиясы әрдайым Палестинаны қолдау болған. Құдс шәріпті сионистік режимнің басқыншылығынан азат ету Иран халқының мақсаттарының бірі" деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы аймақтағы кейбір араб елдерін сынап: "Кейбір елдердің бүгінде сионистік режиммен байланыс орнатуда бір-бірімен жарысып жатқаны өкінішті" деді.

Лариджани Иран халқының биылғы әлемдік Құдс күні шеруіне қатысуы жөнінде айтқан сөзінде Иран халқының бұрынғыдай осы шеруге ықыласпен жаппай қатысатынын қуаттады.

Иранның Заң шығару билігінің төрағасы әлемдік Құдс күнінің ақиқатты айқындау күні екенін баса айтып: "Әлемдік Құдс күні ұлттардың Палестина мәселесін шешудегі мықты талабын көрсетеді" деді.