Иракта дәстүрлі емес бомба жасауда қолданылатын шикізат жоғалып кетті
(last modified Thu, 18 Feb 2016 15:26:15 GMT )
Ақп 18, 2016 21:26 Asia/Almaty
  • Иракта дәстүрлі емес бомба жасауда қолданылатын шикізат жоғалып кетті

Ирактың Қоршаған орта министрлігінің құжаттары осы елдің оңтүстігінде ядролық қару өндіру үшін қолданылатын радиоактивті заттардың жоғалып кеткенін көрсетіп отыр.

«Alalam» ақпарат торабының мәлімдеуі бойынша, Ирактың Қоршаған орта министрлігінің құжаттарында осы министрліктің 2015 жылдың қараша айында ұрланған аса қауіпті радиоактивті заттарды іздестіріп жатқаны жазылған.

Ирактың Қоршаған орта министрлігінің құжаттары «иридий 192» деп аталатын қауіпті радиоактивті заттардың қолды болғанын аңғартады. Осы заттар негізінде штаб-пәтері Стамбұлда орналасқан «SGS» компаниясына тиесілі.

Ирактың қауіпсіздік және қоршаған орта басшылары ИСИМ лаңкестік тобы немесе басқа әсірешіл топтар осы радиоактивті заттарды ядролық қару ретінде қолдануы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Ирактың Қоршаған орта министрлігінің құжаттары заттардың Notebook көлеміндегі бір сумкада болғанын, олардың өткен жылдың қараша айында Басра қаласына таяу жердегі Американың "Reader Ford" мұнай қызметі компаниясына қарасты нысандардан жоғалып кеткенін көрсетеді.