Түркияның Сириядағы лаңкестерді қолдап отырғаны туралы құжаттар әшкереленді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i1042-Түркияның_Сириядағы_лаңкестерді_қолдап_отырғаны_туралы_құжаттар_әшкереленді
Сирия армиясы Түркияның лаңкестік топтарды қолдап отырғаны туралы құжаттарды әшкерелегенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2016 22:42 Asia/Almaty
  • Түркияның Сириядағы лаңкестерді қолдап отырғаны туралы құжаттар әшкереленді

Сирия армиясы Түркияның лаңкестік топтарды қолдап отырғаны туралы құжаттарды әшкерелегенін хабарлады.

«Alalam» ақпарат торабының бейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Сирия армиясы лаңкестермен шайқасып, осы елдің солтүстігіндегі Халебтің солтүстік маңындағы аймақтарды лаңкестердің басқыншылығынан азат еткен соң Түркияның лаңкестерді қолдап отырғаны туралы құжаттарға қол жеткізді.

Сирия армиясының мәлімдеуінше, лаңкестердің қоймаларында Түркияда өндірілген азық-түлік пен дәрі- дәрмектің болуы Түркияның Сирияда бекінген лаңкестерді логистикалық тұрғыдан қолдап отырғанын көрсетеді.

Сирия армиясының күштері лаңкестердің қорғаныс шептерін бұзу арқылы Масған елді мекенін азат етіп, Ахрас ауылын лаңкестерден тазартты.

Сириядан келіп түскен өзге бір мәлімет бойынша, БҰҰ- ның шамамен 100 000 адамға арналған азық- түлік, ауыз су мен дәрі- дәрмек, соның ішінде вакцинадан құралған көмектер керуені сәрсенбі күні Дамаск маңындағы Дейр эз-Зор, Фуа, Кефрайя, Идлиб, Мадайя, Забадани, Кафр-Батна және Муадамия қалаларына енді.