Ливан Хезболласы бас хатшысының әлемдік Құдс күніне байланысты мәлімдемесі
(last modified Sat, 02 Jul 2016 09:16:19 GMT )
Шіл 02, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Ливан Хезболласы бас хатшысының әлемдік Құдс күніне байланысты мәлімдемесі

Ливан Хезболласының бас хатшысы әлемдік Құдс күнін жариялаудың мақсатын Құдсты еске алу және мұсылмандардың Құдсқа деген міндеттемесінің ұмытылуына жол бермеу деп атады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жұма күні түстен кейін әлемдік Құдс күніне байланысты сөйлеген сөзінде әлемдік Құдс күнінің тарих қалыптастыру және Израильдің тамырын жою күні екендігін қуаттай келе: «Хазірет имам Хомейни Палестина мәселесінің ұмытылмауы үшін әр жылдың мүбәрак рамазан айының соңғы жұмасын әлемдік Құдс күні деп атады.

Израильдің басқыншы режимінің көзі жойылуы керек. Хақ оның негізгі иесіне, яғни палестиналықтарға қайтарылып, ешкім осы режимге берілмеуі керек. Израильді ешқашан ресми деп танымау керек» деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы сондай- ақ, АҚШ пен сионистік режим қолшоқпарларының Сирия, Йемен, Бахрейн және Ливия сияқты елдерде соғыстың жалғасуына себепкер болып, саяси шешім жолына қол жеткізуге кедергі болып отырғанын баса айтты.