Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы АҚШ консулдығының маңында жарылыс болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10639
Сауд Арабиясының ІІМ осы елдің батысында орналасқан Жидда қаласындағы АҚШ консулдығының маңында жарылыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 04, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы АҚШ консулдығының маңында жарылыс болды

Сауд Арабиясының ІІМ осы елдің батысында орналасқан Жидда қаласындағы АҚШ консулдығының маңында жарылыс болғанын хабарлады.

Сауд Арабиясының ІІМ қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні таңертең АҚШ консулдығының маңындағы «Палестина» көшесінің қиылысында бір кісіге күдіктеніп, оны тергеуге алған кезде күдікті адамның жарылғыш белбеуімен өз-өзін жарып жібергенін хабарлады.

Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, осы жарылыстан Сауд Арабиясы қауіпсіздік күштерінен екі адам жараланып, Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері осы аймақта дайын жағдайға келтірілген.

Әзірше ешбір топ осы жарылыстың жауапкершілігін мойнына алған жоқ.

Жидда қаласындағы АҚШ консулдығы 2004 жылы да шабуылға куә болды. Сол шабуыл барысында 9 адам қаза тапты. Лаңкестердің аймақтағы кейбір елдердегі әрекеттерінен кейін лаңкестерге демеуші болып отырған Сауд Арабиясының өзі де осы құбылыстан аман қалмай отыр.