Санада Сауд Арабиясының тыңшылық ұшағы құлатылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10963
Йемен армиясының әуе қорғаныс күштері Сана облысында саудиялық коалицияның бір тыңшылық ұшағын құлатты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2016 13:27 Asia/Almaty
  • Санада Сауд Арабиясының тыңшылық ұшағы құлатылды

Йемен армиясының әуе қорғаныс күштері Сана облысында саудиялық коалицияның бір тыңшылық ұшағын құлатты.

Йеменнің «Хабар» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен армиясының әуе қорғаныс күштері жексенбі күні Сана облысында орналасқан 9-шы ауданда саудиялық коалицияның бір тыңшылық ұшағын нысанаға алған.

Қауіпсіздік саласына қарасты бір жергілікті тұлға "Йемен армиясының әуе қорғаныс күштері дұшпанның тыңшылық ұшағын анықтағаннан кейін оны 9-шы ауданның «Шуаб-е Шарих» елді мекенінде құлатты. Бұл ұшақ Йемен армиясы мен Ансаролла халықтық комитеттеріне тиесілі әскери базаларға барлау жұмыстарын жүргізіп, дұшпан үшін ақпарат жинап жүрген болатын»,-деді.