Иран аймақ өзгерістерін басқару мүмкіндігіне ие
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: "Иран ислам республикасы аймақты басқару біліктілігіне ие. Сауд Арабиясы мен Түркиядай емес елде демократиямен бірге саяси тұрақтылық орнаған" деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи сенбі күні кешке Иран теледидарының бірінші арнасының «Бірінші көзқарас» атты бағдарламасында Түркиядағы әскерилердің төңкерісін айыптап: «Түркия мен Сауд Арабиясы аймақты басқарғысы келетін елдерге жатады, алайда соңғы оқиғалар осы екі елдің аймақты басқара алмайтындығын көрсетті.
Барлық террорлар Сауд Арабиясының ішінен шығады. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың материалдық мүддесі үшін Сауд Арабиясын осы топтардан бөлек деп жариялайды. Сонда да осы оқиғалардың соларға қатысы бар екенін барша біледі.
Лаңкестік – Америка мен Израильдің ісі. Олар осы мәселені исламға қарсы қоюды мақсат етуде. Лаңкестіктің исламға қатысы жоқ. Осы мәселені Батыс ерте ме, кеш пе, түсінетін болады» деді.