Сауд Арабиясы революцияның қарсыластарын Иранға қарсы арандатуда
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: "Сауд Арабиясының Ирактың солтүстігіндегі белсенділігі туралы ескерту Иранның Барлау ұйымдарының ресми мәліметтеріне негізделген" деді.
Жүйе мүддесін анықтау алқасы хатшылығының қоғамдық қатынастар бөлімі Ирак Күрдістаны жергілікті басқармасы басшыларының кейбір мәлімдемелеріне берген жауабында: «Ислам революциясының Сақшылар корпусының өткен бір ай бойы Ирак елінің үш шекаралық аймағында революция қарсыластарымен қақтығыстары және Комала басшыларының парсы тіліндегі «BBC» арнасындағы мойындаулары Саудия үкіметінің Ирактың солтүстігінде және ислам республикасының батыс шекараларында араласушылық шаралары туралы ешқандай шүбә қалдырмады» деді.
«Меһр» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері Ирак елі солтүстігінің кейбір басшылары Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Разаидің сөздеріне реакция танытты.