Йемен әлі Сауд Арабиясының жарықшақты бомбаларының нысанасына айналып отыр
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары ымыраны бұзуды және Йеменге шабуыл жасауды жалғастырып, тағы да осы елді жарықшақты бомбалармен нысанаға алды.
Ливанның «Almayadeen» телеарнасының жұма күнгі хабарлауынша, Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі коалицияның шапқыншы қырғи ұшақтары Йеменнің солтүстік- батысында орналасқан «Хадджа» облысына қарасты «Хараз» кеден басқармасы ғимаратын жарықшақты бомбалармен нысанаға алды.
Сауд Арабиясының қырғи ұшақтары сондай- ақ бейсенбі күні Йеменнің солтүстігінде «Әл-Джауф» облысының кейбір аймақтарына шабуыл жасап, 5 адамды өлтіріп, бірнеше кісіге зақым келтірді.
Йеменнің «almasirah» телеарнасы жұма күні таңертең Йеменнің оңтүстігінде Аден халықаралық әуежайында жарылыс пен атыстың боғанын хабарлады.
Йемен армиясы мен халықтық күштері де Сауд Арабиясының ымыраны бұзуды жалғастыруының қарымтасы ретінде Наджранда Саудия ұлттық ұланының базасын «Зелзал-3» баллистикалық зымыранымен нысанаға алды.
Мәліметтерге сәйкес, Йеменнің Сауд Арабиясымен шекаралық аймақтарында қақтығыстар жалғасуда.