Зариф палестиналық жасөспірімнің аянышты түрде өлтірілуіне реакция білдірді
Иран Ислам республикасының Сыртқы істер министрі Сириядағы Батыстың қолдауына ие болып отырған лаңкестердің 12 жастағы баланы бауыздағанын көрсететін видеоға реакция білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф лаңкестердің Сирияда бір палестиналық жасөспірімді бауыздағаны көрсетілген видеоға қатысты реакциясын «Twitter» желісіндегі жеке парақшасында: «Батыстың қолдауына ие болып отырған лаңкестердің 12 жастағы баланы бауыздауы бір қарапайым мәселе сияқты. Бұған қатысты Батыстың үнсіздігі құлақты керең етеді!» деп жазды.
Осыдан бірнеше күн бұрын «Нуроддин әл- Занки» деп аталатын лаңкестік топ палестиналық жасөспірім Абдолла Исаны Сирия армиясының қатарында соғысқаны үшін бауыздады.
Америка «Нуроддин әл- Занки» атындағы лаңкестік топты сириялық ұстамды қарсылас топтардың тізіміне енгізген.