Саудиялықтардың Палестина халқына қарсы қиянаттары жалғасуда
Ливанның "ал-Ахбар" газеті Сауд Арабиясының Израиль режиміне бұрынғыдан бетер жақындауын саудиялықтардың Палестина халқына қарсы жасап жатқан қиянаты деп атады.
«Ал-Ахбар» газеті: «Саудиялық режим екі принцип – ортақ мүдде және ортақ дұшпанмен тайталасу негізінде сионистік режиммен байланыстарын біртіндеп әшкерелеп, оны кеңейтіп, бұл елді одақтасына айналдыру саясатын жалғастыруда. Саудия мен сионистік режимдер аймақтың көптеген істері бойынша үндесіп, бір-біріне жақындады. Осы негізде Саудияның Барлау ұйымының отставкадағы генералы Анвар Ешқидің басшылығындағы бизнесмендер мен университет ұстаздары және ғалымдарынан құралған жоғары деңгейлі бір делегация жақында Тель-Авивке сапармен барды» деп жазды.