Йеменнің орталық бөлігінде бір саудиялық тікұшақ құлады
Шіл 26, 2016 18:01 Asia/Almaty
Бір әскери дереккөзі Йеменнің орталық бөлігіндегі Маариб пен Джуф облыстары арасында Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі араб коалициясына тиесілі бір тікұшақтың құлағанын хабарлады.
Йеменнің «Al-Massira» телеарнасының хабарлауы бойынша, бұл тікұшақ дүйсенбі күні кешке коалиция күштеріне қолдау көрсету амалдарын атқару мақсатында Йеменнің көгінде ұшып жүрген кезде құлады.
Тікұшақтың құлауына қатысты толығырақ мәлімет әлі жарияланған жоқ.
Бірнеше сағат бұрын Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі осы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, 5 саудиялық шекарашының Сауд Арабиясының оңтүстігінде орналасқан Наджран ауданында өлтірілгенін хабарлады.
Тегтер