Сауд Арабиясында қатігездік пен басып-жаншу күшейді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i11776
Сауд Арабиясында тағы бір адамды өлімге кесу үкімі орындалғаннан кейін бұл елдегі өлім жазасын орындау саны ағымдағы жылдың басынан 106-ға жетті. Соңғы күндері Сауд Арабиясында тағы 4 азаматқа қатысты өлім жазасы орындалды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 26, 2016 19:09 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында қатігездік пен басып-жаншу күшейді

Сауд Арабиясында тағы бір адамды өлімге кесу үкімі орындалғаннан кейін бұл елдегі өлім жазасын орындау саны ағымдағы жылдың басынан 106-ға жетті. Соңғы күндері Сауд Арабиясында тағы 4 азаматқа қатысты өлім жазасы орындалды.

Сауд Арабиясында өлім жазасы қылышпен басты шабу арқылы орындалады. Бұл елдің өлім жазасын үдемелі түрде қолдануы Халықаралық кешірім ұйымының осы үдеріске сан рет алаңдаушылық білдіруіне себеп болды.

Осы адам құқығын қорғау ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бөлімінің басшысы Филипп Лютер: «Егер Сауд Арабиясы осындай қарқынмен өлім жазасын орындау жолында әрекет ететін болса, биылғы жылдың статистикасы тез арада өткен жылдардағы жалпы көрсеткіштен де асып түсетін болады»,-деп ескерту жасады. Халықаралық кешірім ұйымының мәлімдемесі бойынша, Сауд Арабиясы 2015 жылы кемінде 158 өлім жазасына кесу үкімін орындады. Бұл елдегі өлім жазаларының көбі саяси себептермен және жалған айыптаулар негізінде орындалады.

Айта кету керек, Сауд Арабиясы 2016 жылы 2 қаңтарда осы елдің тарихындағы ең үлкен жаппай өлім жазасын орындады, сол кезде 47 тұтқын өлтірілді.  2016 жылы 2 қаңтарда Сауд әулеті осы елдің көрнекті күрескері мен дінбасшысы шейх Нимр Бақер әл-Нимрді 46 адаммен бірге өлтірді.  Құқық саласындағы сарапшылар Сауд әулеті соттарындағы негізсіз шығарылған үкімдерде әділеттіктің жоқтығына тоқталып: «Бұл елдің құрылымдары да ДАИШ лаңкестік тобының құрылымдары сияқты. Қатігездік пен дұшпандық – осындай құрылымдардың көрінісі»,-деп баса айтты.

Құқықтық орталар Сауд Арабиясының сот органдары әділеттік жолында әрекет етудің орнына заңды қағидаларды ескерместен, оларға қатысты ең зұлым үкімдерді шығарады, осы аяда өлім жазасына кесу саудиялық қазылар оқитын ең оңай әрі ең көп таралған үкім болып отыр.  

Сауд Арабиясының қайраткерлері өлім жазасын қарсыластардың үнін өшіру үшін  қолданады, олар үрей мен қорқыныш тудыру арқылы тұншығарлық  кеңістік  жасауды көздейді, сонда ешкім ашық түрде Сауд әулеті режиміне қарсы сөйлей алмайтын болады.

Сауд Арабиясындағы ортағасырлық саяси жүйе, саяси белсенділерді қатты басып-жаншу және өлім жазасына кесу, елде минималды еркіндіктердің жоқтығы халық пен қоғамдық пікірдің наразылығын тудырып отыр. Сауд Арабиясының осыдан біраз бұрын АҚШ пен Ұлыбритания сияқты өзінің батыстық демеушілерінің қолдауымен БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің тәуелсіз мамандар комиссиясының төрағалығына сайланғаны  ойландырады!

Сауд Арабиясының БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесіне мүше болуы және осы кеңесте Сауд әулеті режиміне белгілі бір міндеттемелердің жүктелуі БҰҰ-дағы осы адам құқығы органының құқықтық ұғымдар мен критерийлерден алшақтап, саяси ойынға белшесінен батқанын көрсетеді.

Осындай ырықсыз әрекеттер Сауд Арабиясы басшыларының адам құқығы мен халықаралық заңдарды  көбірек бұзып, дөрекілене түсуінен басқа нәтиже бермейтіні анық. Сауд Арабиясындағы өлім жазасын орындау санының артуы әлемнің Сауд әулетіне кешіріммен қарауының салдарынан туындап отыр.