Йеменнің оңтүстігіндегі қырғынға Иран реакция көрсетті
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Йеменнің Таиз облысына қарасты «әл- Сарари» аймағында Йемен халқының өлтірілуін адамзатқа қарсы қылмыс деп атап, осы қылмысты Сауд Арабиясына қарасты күштердің дәрменсіздігін көрсетеді деп мәлімдеді.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Сауд Арабиясына қарасты күштердің Йеменнің Таиз облысында жасаған қылмысын айыптап: «Бір ауылдың әскери емес тұрғындарын жаппай өлтіріп, мәйіттерді қорлау геноцидтің дәл өзі. Әскери еместерді өлтіруді жалғастыру адамгершілікке жат апатты шара болып табылады әрі Сауд Арабиясына қарасты күштердің дәрменсіздігін көрсетеді деп мәлімдеп: «Соғысқұмарлық саясатын жалғастыру және «әл- Каида» мен ДАИШ- тің атасы ретінде осы режимнің шын бейнесін көрсеткен тәкфирлік лаңкестікті қолдау мен қоректендіру оларды одан құтылу мүмкін болмайтын батпаққа батыратыны даусыз» деп ескертті.
Саудияның жалдамалы күштері сейсенбі күні «әл- Сарари» ауылында бір мешітті жарып, осы ауылға шабуыл жасаумен оның ондаған тұрғынын тұтқындап, өлтірілген азаматтардың мәйіттерін тілімдеп тастады.
Осы мәлімет бойынша қылмыстық әрекет барысында «әл- Сарари» ауылының 20 тұрғыны өлтірілген.