Давудоғлоның орынбасары Путинді Сталинге теңеді
Ақп 21, 2016 21:35 Asia/Almaty
Түркия үкімет басшысының орынбасары Ресей президентін Сталинге теңеді.
Ялчин Акдоған Ресейдің қырғи ұшақтары Сирияда әскери емес бейбіт тұрғындарды нысанаға алды деген уәж айтып: «Қазіргі кезде Владимир Путин де әскери емес адамдарды өлтіру арқылы Сталин сияқты әрекет жасап жатыр» деді. Ол сөзінің жалғасында Ресейдің саясатын сынап: «Мәскеу Түркияның Сириядағы Күрд халқын қорғаушы бөлімшелердің бекіністеріне қарсы артиллериялық шабуылдарына қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне наразылық білдіріп, сөйте тұра Сирияда әскери емес бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарын жалғастырып отыр» деген уәж айтты.
Тегтер