Сауд Арабиясының Йеменге қарсы аяусыз шабуылдары жалғасуда
(last modified Tue, 09 Aug 2016 16:30:48 GMT )
Там 09, 2016 22:30 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Йеменге қарсы аяусыз шабуылдары жалғасуда

Сауд Арабиясының Йеменнің түрлі облыстарына қарсы аяусыз шабуылдары жалғасуда.

Йеменнің «almasirah» телеарнасының сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Кувейтте Йемен бейбітшілік келіссөзінен үш айдан астам уақыт өткен жағдайда Сауд Арабиясы Йеменның түрлі облыстарына, соның ішінде Санаға бұрын-соңды болмаған шабуылдарды бастаған.

Саудия қырғи ұшақтарының Йемен астанасындағы тамақ өнімдерін өндіретін бір кәсіпорынға жасаған шабуылында осы кәсіпорынның көптеген жұмысшылары қаза болып, жараланды.

Сондай- ақ Саудия қырғи ұшақтарының Йеменнің солтүстігінде Саде облысына қарасты Ғатабер қаласының тұрғын аймақтарына жасаған шабуылынан 6 адам соның ішінде екі йемендік әйел қаза болды.

Саудия қырғи ұшақтары Сананың солтүстігінде орналасқан Имран қаласы мен Хаджжа шекаралық облысындағы Хараз қаласын да өз шабуылдарының нысанасына алды.

Сауд Арабиясы аймақтағы кейбір араб елдері және Американың қолдауымен 2015 жылы 26- шы наурызда Йеменге қарсы ауқымды шабуылдарын бастады. Сол шабуылдардың салдарынан мыңдаған йемендік өліп, жараланды.